Қызылорда облысында жұмыс іздеген 16 тұрғын алаяқтың арбауына түсіп қалды, – деп жазады Polisia.kz. «Теңіз» кен орнына жұмысқа орналастырамыз» деп 16 тұрғынды алдап соққан алаяқтар ұсталды. Жәбірленуші 16 тұрғын 7 мамырда Байқоңыр полициясына арызданған. Биыл наурыз-сәуір айларында екі азаматша WhatsApp мессенджері арқылы «топ құрамында ақшалай сыйақымен Атыраудағы Теңіз мұнай компаниясына жұмысқа орналастырып береміз» деп сенімге […]