Атырау тұрғыны 3 миллион теңгеге жуық айыппұлы төленбеген көлікті сатып алғанын білмеген. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Грузияда тіркелген көліктің төленбеген 106 айыппұлы бары анықталған. «Полицейлер 6 маусым күні сағат 12.00 шамасында Toyota Highlander автокөлігін тоқтатқан. Көліктің рулінде 1998 жылы туған жүргізуші болды. Грузияда тіркелген көліктің 2 млн 937 мың 417 теңге көлемінде төленбеген 106 айыппұлы […]