«Қазгидрометтің» мәліметінше, 3 маусым күні ауа райы құбылмалы болады. Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 3 маусым күні күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. […]