Балқашта ер адам ауруханадан қашып кетті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлады turkystan.kz. astanatv.kz-ке сілтеме жасап. Жан сақтау бөлімінен қашып шықтым деген азаматтың айтуынша, аты – Қанат. «Ауруханада сұмдық жағдайлар болып жатыр» дейді ол. Қарағанды облыстық Денсаулық басқармасы ер адамның ауруханадан қашып кеткенін растады. Дәрігерлердің айтуынша, оның ішіне және кеуде тұсына компьютерлік томография жасалған. …