Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Бидайық аулының маңындағы «69-РЗД» елді мекенінің 20 жастағы тұрғыны 3 жастағы қыз баланы тілсіз жаудың тырнағынан құтқарып қалды. Көршісінің кішкентай қызы Айарудың жанұшыра шырқыраған даусын естіген жас жігіт өрттің жалаңдаған жалынына қарамастан жанып жатқан қорадан бүлдіршінді сыртқа алып шықты. Бұл туралы «Ortalyq Qazaqstan» сайты жазды. – Қою түтіні қолқаны атқан өрт кезінде көршімнің […]