Нұр-Сұлтан полицейлері әйелге шабуыл жасап, мойнындағы алқасын жұлып алған қарақшыны ұстады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Күдікті қоғамдық көлікте 62 жастағы әйелдің мойнындағы алтын алқаны байқаған. Әйел автобустан түскенде ер адам оның соңынан еріп, үйдің кіреберісіне дейін бірге барады. Жәбірленуші баспалдақпен көтеріліп бара жатқанда оған шабуыл жасап, мойнындағы алқасын жұлып алған. Қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған. …