Айжарық ағаның балалық шағы туған ауылында, бұрынғы Гурьевтің Боранқұл ауылында өтті. Мұның алты жасында әкесі қайтыс болып, шиеттей алты баламен қалған анасының жесірлік өмірі басталды. Өмірдің бар ауыртпалығын өз иығына артқан ананың балалары ерте есейіп, бірін-бірі жетелеп өсті. Бүгінде Бейнеу жол дистанциясының бөлім бастығы болып еңбек ететін Айжарық Сеңгірбеков екі жылдан соң зейнет жасына жетеді. …