Шымкентте 8 мамыр күні экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері мейрамхана алдында бір-бірімен төбелескен, – деп хабарлайды КТК арнасы. Басшысын ұрып құлатқан тергеуші қамауға алынды. Қол астындағы қызметкерден таяқ жеген Бақтияр Ахметжанов ес-түссіз ауруханада жатыр. Видеодағы кадрдан думандатып жүрген тергеушілер есік алдында сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Осы кезде 2-жедел басқарманың бастығы Бақтияр Ахметжанов Мырзабек Тойлыбаевқа жұдырық ала жүгіреді. […]