Ақтөбеде мас әйел бес айлық баласын көшеде қалдырып кеткен деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бүгін түнгі сағат 01:00 шамасында Ақтөбе қаласы №3 полиция бөлімінің кезекші бөліміне тұрғын бес айлық баланы алып келген. – Бала 8 наурыз көшесіндегі көпқабатты үйлердің қасындағы орындықта жылап отырды. Мен оның анасының мас күйде белгісіз бағытқа кетіп бара жатқанын көрдім. #8230;