«Қазгидрометтің» хабарлауынша, солтүстік-батыс және Оңтүстік циклоны әсерінен барлық аймақта ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады. 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Батыс, солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 22-30-дан 17-26-ға дейін төмендейді, оңтүстік-батысында 25-35-ке дейін жылынады. Солтүстікте ауа температурасы 20-28-ден 25-30-ға дейін ауытқиды. […]