Қызылордада 5,6 миллион теңгесінен айырылған ер адам полициядан араша сұрады. Биыл 23 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 52 жастағы қала тұрғыны алданып қалғанына шағымданған. Жәбірленушіге танысы былтыр 22 маусымда «қомақты көлемде несие алып беремін» деп айтқан. Бірақ ол алдап, 5,6 млн теңге несиені өзіне алып алған. Жедел іздестіру нәтижесінде, 49 жастағы қала тұрғыны ұсталды. […]