Елорда тұрғыны бұрынғы құдасынан қалыңмалды қайтарып алу үшін сотқа арызданды деп хабарлады turkystan.kz. Нұр-Сұлтан қаласы сотының мәліметінше, сот талапкерлерге қалыңдық үшін берілген қалыңмалды қайтару туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан. «Талапкерлер мен жауапкердің балаларының некеде тұрғандары анықталған. Алайда 2021 жылдың сәуірінде жастар арасындағы неке бұзылған. Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды», – деп жазды елордалық сот. …