Білім және ғылым министрлігі Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға түзету енгізгелі жатыр. Ұсыныс 22 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланды. Мақсат – жалпыға міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының көзқарастарының бірлігін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына оң көзқарасын қалыптастыру, білім беру ұйымдары мен кеңестер (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, […]