Өскеменде үй алмақ болған тұрғын алаяққа алданып, 10 500 000 теңгесінен айырылды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 38 жастағы қала тұрғыны арзанға пәтер сатып алуға көмектесемін деген танысына 10 500 000 теңге бергенін айтып, полициядан араша сұрады. Алайда ер адам ақшаны алған соң мүлде хабарсыз кеткен. Полиция жедел іздестіру нәтижесінде, 30 жастағы […]