Ақмола облыстық Полиция департаментінің дерегінше, КамАЗ-дан құлаған ер адамды артқы дөңгелек басып кетті. 48 жастағы ер адам жол бойында мерт болды. Сандықтау аудандық полиция бөліміне учаскелік полицей хабарласып, Мәдениет ауылынан екі шақырым жерде жергілікті тұрғынның қаза тапқанын айтты. «Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Кәсіпорынның 48 жастағы жұмысшысы жүріп келе жатқан КамАЗ салонынан құлағаны белгілі […]