Жыл басынан бері 1 маусымдағы дерек бойынша 5 679 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Биыл Қазақстанға келген қандастардың көпшілігі 68,7%-ы – Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден қоныс аударған. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан […]