Биыл сәуір-мамыр айында ҰҚК және оның аумақтық департаменттері заңсыз айналымнан, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды іздестіріп, қолды болған қаруды қайтарды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Алматы облысында «Байкал» тапаншасы, 2 мылтық, 10 граната және әртүрлі калибрлі 104 оқ жасырылған орын табылды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардан 3 бірлік қару мен 109 оқ-дәрі тәркіленді. Аймақтың қылмыстық […]