Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуіне байланысты шаһарда салтанатты шаралар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев елімізде 43 қаланың салынуына атсалысты. Соның 7-еуі Алматы облысындағы Есік, Қаскелең, Сарқан, Талғар, Үшарал, Үштөбе, сосын осы Қапшағай, яғни қазіргі Қонаев қаласы. Сондықтан, өзі салдырған қалалардың біріне атын беру – лайықты құрмет көрсету деп білеміз. Мемлекет басшысының […]