Бұл туралы Бостандық ауданының прокуратурасы хабарлады. Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы «Astra Consulting Agensy» ЖШС және «Alpha Lux Consulting» ЖШС басшылары мен менеджерлеріне қатысты қаржы пирамидасы туралы қылмыстық істі сотқа жолдады. Оның қызметі салымшыларға 600 миллион теңгеден астам шығын келтірді. «Тергеу барысында анықталғаны, ұйымдастырушылар мен менеджерлер ұялы телефондарға қоңырау шалып, қаржылық сауаттылық курстарына шақырған. Содан кейін олар […]