«Қазгидромет» РМК 10-12 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптикердің болжамы бойынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде кей кезде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 25 м/с дейін жетеді.