Биыл 1 сәуірдегі мәлімет бойынша рұқсатпен Қазақстанда 16 278 шетелдік жұмыс істеп жүр. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатта мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 639 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 150 рұқсат (екінші санат). Үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 8 115 және 825 адам. […]