Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл бірінші тоқсанда Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде, 6,7 млн адам жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Жалпы, жұмыспен қамту былтырмен салыстырғанда 35,1 мың адамға, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер есебінен 30,8 мың адамға өсті. Толық жұмыспен қамтылмағандар саны – 254 мың адам. […]