Көшеде түкіргендерді енді камера арқылы тауып, жазалайды деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Елордада түкіргендерді камера арқылы тауып жазалайтын болды. Көшеде, қоғамдық орында тәртіп бұзғандарға талап күшейтілді. Бұған дейін қалалық мәслихат депуттатары көпшілік жүретін жерлерде түкіретіндерге жазаны қатаңдату керек деп ұсынған. Ұсынысты Үкімет те қолдай кетті. Енді полицейлер көшеде түкіргендерді камера арқылы тауып алмақ. …