Әлеуметтік қауіпті науқастар Қостанай облысындағы психиатриялық ауруханадан қашып кетті деп хабарлады turkystan.kz «Наш Костанай” басылымына сілтеме жасап. 16 шілдеде әлеуметтік желілерде ауруханадан қашып кеткен ер адамдар туралы мәлімет таралды. Пациенттер Тобылдағы медициналық мекеменің терезесі арқылы сыртқа шыққан. Олар Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасында жатқан, «шизофрения» диагнозымен ауыратын 1981 және 1992 жылдары туған науқас екені белгілі болды. …