Елордада лифт ішінде әйелін соққыға жыққан азаматтың әрекеті қоғамда резонанс тудырды. Жәбірленушінің айтуынша, күйеуі ұзақ уақыттан бері зорлық-зомбылық көрсетеді. Ауыр соққы мен тепкіден әйелдің төрт жерден сүйегі сынып, миы шайқалған. «Қазір жағдайым бірқалыпты. Шымкентте ата-анамның үйінде тұрып жатырмын. Елнұр Байметовпен 2018 жылы отау құрдық, алғашында бәрі жақсы болған. Кейін күйеуім ішіп алып ұратынды шығарды. Наурыз айынан […]