Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев AMANAT партиясы жанындағы «Талқылау» диалог алаңының отырысына қатысты. «REFERENDUM 2022: Жаңа Қазақстанның Конституциясы» тақырыбына арналған іс-шарада елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар кеңінен талқыланды. Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев ашықтық пен демократия Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтарының бірі екенін айтты. Сондай-ақ ол жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға енгізу үшін ұсынылып отырған түзетулер осы құндылықтарға […]