Нұр-Сұлтандағы орталық көшелердің бірінде газбен жүретін шағын автобус өртенді деп хабарлады turkystan.kz. Елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 28 шілдеде сағат 15.48-де Тұран даңғылы, 89-да болған. Өрт салдарынан газ баллон жабдығы жарылды. Өртті сөндіруге бес өрт сөндіруші жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)