Павлодар облысы Приреченск ауылындағы Ертіс жағасына балық аулауға барған 33 жастағы Андрей Карандашов суға батып бара жатқан балаларды құтқарып қалды. Оқиға 13 шілдеде болған. Бұл жайында белгілі блогер Александр Цой әлеуметтік желідегі парақшасында баяндады деп хабарлады turkystan.kz. «…Үйге қайтайын деп жатқанмын. Қармағымды жинап жатқан кезде жағадан он метрдей қашықтықтан екі баланы көрдім. Оларға айғайладым, жауап бермеді. Екінші рет …