Павлодарда кішкентай қыз 9-қабаттан құлап кетті. Ауыр жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – деп жазады Pavlodarnews.kz. Оқиға Толстой көшесі 90-үйде болды. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің шатырына құлаған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған. «Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр. Ол инотропты қолдау […]