Павлодар облысының Железинка ауданында дүлей дауыл тұрды деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, дауылдан бірнеше ғимараттың шатыры ұшқан. Сонымен қатар Алакөл ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бекеттің шатыры бұзылған. Қазгидрометтің мәліметі бойынша желдің жылдамдығы секундына 16 метрге жетті.