Петропавл тұрғындары Instagram арқылы туристік жолдама сатып алмақ болған, – деп жазады Polisia.kz. Тұрғындар Instagram парақшасында жарнаманы көргеннен кейін, туристік жолдамаға тапсырыс берген. Мобильді қосымша арқылы қаржы аударып, фирма менеджерімен WhatsApp мессенджері арқылы хат жазысқан. Ақша аударылғаннан кейін менеджер WhatsApp-тағы клиенттерді бұғаттап, телефон қоңырауына жауап бермей, байланысқа шықпай қойған. Алаяқтарға алданғанын түсінген тұрғындар бірден полицияға жүгінген. […]