Астанада әйел дүкеннен құны бір миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлады. Полицияға дүкен иесі арызданып, гауһар тасы жоғалғанын айтқан. Оқиға Ғабдуллин көшесіндегі зергерлік дүкенде болған. Бейнебақылау камераларын тексеру барысында күдікті анықталды. Полицейлер оның 49 жастағы қала тұрғыны екенін анықтады. Әйел зергерлік дүкенге жиі келіп, бұрын да бірнеше рет қомақты қаражатқа тауар сатып алған. Күдікті кешкі […]