Алматы облысы Қарасай ауданында бір топ адам көшеде көкпар тартқан. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады. «15 мамыр күні Қаскелең қаласында көкпар ұйымдастырылған. Іс-шара жергілікті әкімдіктің келісімінсіз болған. Көкпаршылардың қаладағы бірнеше көше бойында жүргені бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Аталған факті Қарасай аудандық полициясында тіркелді. Полицияға 34 жастағы тұрғын арызданды. Оның көлігін көкпаршылар бүлдірген» […]