Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері конституциялық реформаларды саралады. Кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанова қатысты. «Жаңа Қазақстанның бейнесі бірінші кезекте білім беру жүйесінде қалыптасады. Саяси жүйені өзгертпей, экономикалық және әлеуметтік процестер мүмкін емес. Бізде билікті орталықсыздандыру жүзеге асырылады. Президенттің өкілеттігі қысқаруда. Саяси қозғалыстар құру мүмкіндігі кеңеюде», – деп атап өтті депутат. […]