Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева референдум арқылы Конституцияға енгізілетін өзгерістер – бұл реформалардың соңы емес, керісінше басы ғана екенін айтты. Бұл туралы Динара Зәкиева Facebook-тағы парақшасында жазды. «Жексенбі күні өткен Референдумға 8 миллионнан астам қазақстандық қатысты. Дауыс бергендердің 77,2 пайызы конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, Жаңа Қазақстанға дауыс берді. Референдум біздің еліміздің тарихындағы маңызды кезеңге айналмақ, […]