ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысында әскери борышын өтеген сарбаз өліміне не себеп болғанын атады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. “Алдын ала ақпарат бойынша, суицидтің себебі әскери қызмет өткерумен байланысты емес, отбасылық-тұрмыстық проблемалар болған. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қаза […]