10 мамыр сағат 18.45-те Шымкент қаласы Абай ауданы 4 шағын ауданы Р.Қабылбеков көшесіндегі құрылысы бітпеген ғимараттың жертөлесіндегі өрт туралы хабарлама «112» құтқару қызметіне түсті. Құтқарушыларға зардап шеккен екі баланың өзі көмекке шақырған. Жертөледе 2011 және 2012 жылғы туған екі бала отпен ойнап, нәтижесінде өрт болып, жертөлені іші қара түтінге оранған. Балалар сыртқа шыға алмай қалған. […]