Солтүстік Қазақстан облысында ірі қарадан бруцеллез індеті анықталды. Өңірдің алты ауданында ірі қара індетке шалдыққаны белгілі болды. Олар – Айыртау, Ақжар, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов және Қызылжар аудандары. Қызылжар ауданындағы Боголюбово ауылы былтыр күзде де карантинге жабылған-тын. Ауру жұқтырған 85 сиыр сойылатын болады. Ал иелеріне өтемақы төленбек. Ауру мал анықталған ауылдарда шектеу шаралары енгізіледі. Яғни, […]