Қостанай облысында 15 жастағы қыз суға батып кетті. Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 29 мамыр күні сағат 19.15 кезінде Рудный қаласы Парковая көшесі бойында Тобыл өзенінің әкімшілік аумағында құтқарушылар 2007 жылы туған жасөспірімнің мәйітін судан шығарды. Қыз 29 мамыр күні шамамен 17.15-те шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. Сол жерде достарымен бірге болғаны анықталды. […]