Төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаменті хабарлады. Қазалы ауданының полиция бөліміне арызданған тұрғынның айтуынша, белгісіз біреу дәріхананың ішінде тұрған терминалды бұзып, ақша ұрлаған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2,6 млн теңгеге жуық. Жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті азаматша анықталып, ұсталды. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қол хат алынды. Тергеу жалғасып жатыр.