Түркістан облысы Төлеби ауданы Аққұм ауылының тұрғыны Ұлту Үстенова 100 жасында жеке куәлігін жаңартты. Төлеби АПБ Көші-қон қызметі тобының инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Түймебеков Ұлту Үстенованың жеке куәлігін үйіне әкеліп табыс етті. 100 жастағы әже полицейге ақ батасын берді. Елге қызмет еткен тәртіп сақшыларына денсаулық, амандық тіледі.