Абай атындағы мектеп-лицей мен Б. Садықов атындағы орта мектебінің түлектері қайтыс болған сыныптастарының 3 бала тәрбиелеп отырған жесіріне 4 бөлмелі үй сыйлады. Elitar басылымының хабарлауынша, мектепті олар 2000 жылы тәмамдаған. Осы уақытқа дейін әйел үй жалдап тұрған. Сыныптастар мектепті бітіргендеріне 20 жыл толуын тойламай, жиналған қаражатқа Рысқұлов ауылынан жесір әйелге баспана сатып алды.