Түлкібас ауданы полициясының басшысы Данияр Мейірхан уақытша қызметінен босатылды. Мұны Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz мәлімдеді. Бұған дейін ол алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталып, кейін кепілмен босатылған болатын. «Данияр Мейірхан тергеу барысында қызметінен шеттетілді. Оған қатысты істі Шымкент қалалық полиция басқармасы жүргізіп жатыр», – деп түсіндірді ведомстводан. Шымкент қаласы тергеу сотының мәліметінше, […]