Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, соңғы кездері алаяққа алданғандар саны азаймай отыр. Мәселен, астанадағы Сарыарқа ауданының полиция бөліміне сағат 11.50-де белгісіз біреудің өзін экономикалық қылмыс бойынша «Ұлттық банк қызметкерімін» деп таныстырып, 3 млн 455 мың теңгесін қолды еткенін айтып шағымданған. Күдікті жәбірленушіге оның жинағын «сақтап қалу үшін» Бейбітшілік көшесіндегі «Центр Кредит» банкіне ақша аудару керектігін […]