Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің таралуына тосқауыл қоюды күшейтті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Биыл сәуір мен мамыр айында ҰҚК Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметі мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізді. Есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды. Арнайы операциялар барысында есірткі тасымалдаған 15 адам […]