Он үш жастағы қызды бұралқы иттер талап тастады, – деп хабарлайды КТК. Оқушының басынан бастап, қол-аяғы мен денесінің ит тістемеген жері қалмаған. Оны тұрғындардың бірі арашалап қалған. Ал қаптаған қаңғыбас иттердің көзін құртуға ветеринарлардың қолы қысқа. Жануарларды қорғау туралы заң күшіне енгенімен, бірақ бұралқыларды аулауға қатысты ереже әлі күнге дейін қабылданбаған. 13 жастағы қызға иесіз […]