Түркістан облысы Қазығұрт ауданында сел жүрді. Аудан әкімдігінің мәліметінше, 24 сәуір күні жауын жауып, су тасып, сел жүрді. Табиғи апат салдарын жою үшін аудан әкімі Арман Абдуллаев бастап, төтенше жағдай және арнайы мекемелер жұмылдырылып, арнайы техникалар тартылып, Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауыл округіндегі жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жауыннан кейін суды мотопомпа арқылы шығарып жатыр. […]