Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партия активімен жиын өткізді. Жиынды ашқан ол бүгінде бүкіл еліміз бойынша аманаттықтар азаматтардың мүддесін қорғауға қатысты жұмысқа баса назар аударуы керек екенін атап өтті. – Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қоғамды толғандырып отырған бірқатар нақты әлеуметтік-экономикалық проблеманы атап өтті. Олардың ішінде: бағаның өсуі, жекелеген тауар түрлерін жеткізудегі іркілістер, …