Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ұжымымен жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөнінде кездесу болып өтті. Отырысқа қатысқан білім саласының өкілдері референдум өткізу мәселесі бойынша өз көзқарастарын білдіріп, билік тармақтары арасындағы қатынастарда конституциялық реформаның рөлін, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуді талқылады. Кездесуге AMANAT партиясы облыстық филиалы Атқарушы хатшысының […]