Анимациялық фильмдердің дубляжын қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсету «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды. Жиында Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов отбасымен көруге арналған анимациялық фильмдердің дубляжын қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсетуге қатысты атқарылып жатқан істерге тоқталды. Оның айтуынша, министрліктің бюджеттік бағдарламасында 15 фильмді дубляждауға […]